Кисуә - қара жібектен тігу үшін 250 адам еңбек ететін, қасиетті Қағба жамылғысы. Кисуәнің жоғарғы бөлігі алтын тігіспен безендірілген. Бұл тігіс Құранның аятын белгілейді: "Шындығында, адамдар құлшылық ету үшін салынған алғашқы Үй - Беккеде (Меккенің көне аты). Ол берекелі және ғаламдардағы ақиқат жолды көрсетуге қызмет етеді". Кисуәнің 150 килограмы алтын мен күміс жіптерден тұрады.
Жыл сайын Құрбан айт мейрамы қарсаңында, үлкен қажылық кезінде жер бетіндегі алғашқы құлшылық орны болған қасиетті орын Қағбаның бетіндегі жамылғыны ауыстыру дәстүрге айналған.
Қасиетті Арапа күні қызметкерлер кисуәны зәм-зәм суымен жуып, Қағбаның бетіне жабады. Кисуәның бағасы шамамен 20 миллион риалды құрайды. Таза жібектен жасалған жамылғының салмағы 700 килограмм.