Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабермен кездесті.
Кездесуде екі елдің байланысы сөз болды. Бас мүфти мен елші қоғамға адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың маңызы туралы ойын бөлісті. Сонымен қатар тараптар діни татулық пен ұлтаралық келісімді нығайту жайлы әңгімелесті.
Басқосу барысында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел игілігі жолындағы жұмыстары жайлы баяндады.
Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларына ізгі тілегін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.
muftyat.kz