Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның кезекті Аппарат жиналысы өтті.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы наиб мүфтиге, кеңесшілерге, бақылау-қадағалау, ұйымдастыру-үйлестіру ісінде белсенділік танытқан Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлына, сондай-ақ бөлім меңгерушілері мен барша қызметкерлерге айрықша алғысы мен жүрекжарды ниетін жеткізді.
«Кеше ғана басталған жыл қас-қағым сәтте өте шықты. Жыл он екі ай өздеріңізбен бірге діннің насихаты, қайырымдылық, қиналғанға қамқор, араздасқанға араша, жақсылықта бірге болдық. Көптеген жұмыстарымызға жұқпалы індет кедергі келтіргенмен, оның ортақ шешімін таба алдық. Елге насихатымызды қалай жеткіземіз деген сұрақ туындаған сәтте тосырқап қалмай, интернеттің игілігін пайдаландық. Жұма насихаты, ұстаздардың дәрісі әлі күнге дейін тоқтаған жоқ. Аллаға шүкір, мешіттеріміз бес уақыт намазға ашық. Имамдар форумын жоғары деңгейде өткіздік. Осы жылы өзіміздің төл телеарнамызды аштық. Діни бағытта хабар тарату құқығын алдық. Бұл да – үлкен жетістік. Келер жылдың еншісінде үлкен істер тұр. Оны да бірге атқарып, жемісін бірге көруге нәсіп етсін! Барлығыңызға Алла разы болсын!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
muftyat.kz