+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
25 Ақпан, 2021

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлеріне насихат айтты.

Мемлекеттік қызметкерлерді тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біз бүгінде қоғам болып еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. Осы ретте бұл мәселенің себебімен емес, салдарымен күресудің маңыздылығын айрықша атар едім. Өйткені жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары.

Сондықтан, біз қоғамда жемқорлыққа қарсы күресті азаматтарымыздың жүрегіне рухани байлықты, құндылықтарды сіңіруден бастауымыз қажет. Біз жұма уағызында жемқорлықтың зардабы жайлы жиі айтып келеміз.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 188-аятында: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» деп ескерткен. Алла Тағала халқымызға жар болып, жақсылығын жаудырғай» деді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық алаңы» жобасы аясында ортақ меморандум қабылдаған болатын. Меморандум мақсаты – ортақ істе жұмылып, ел игілігі үшін қызмет ету.