Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында әйел-қыздар арасында өткен Құран жарысының жеңімпаздарын арнайы құттықтап, марапаттады.
Марапаттау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар» деген. Сіздер үйлеріңізде көп Құран оқып, жақсылыққа себепші болыңыздар» деді.
Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орын (200 мың теңге) Гүлдерай Омароваға бұйырды. Перизат Еркінбай екінші (150 мың теңге), Озода Хусинова үшінші орынға (100 мың теңге) ие болды.
Сайысқа барлығы 15 үміткер қатысты. Олардың ең кішісі – 10 жаста, ал егдесі – 40 жаста.