+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
28 Тамыз, 2018

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ

Қазақстан қажыларының алғашқы тобы Алматы халықаралық əуежайына келді.

Мəдина-Алматы бағыты бойынша ұшқан 437 қажы дін аман жетті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаевтың айтуынша, жерлестеріміз көп бөгелместен кедендік  бақылаудан өткен. Ұшу рейстері кестеге сай жүзеге асуда.

Бүгінде отандастарымыз Мəдина қаласында құлшылық жасап, тарихи орындарды зиярат етуде. Оларға жолбасшы (гид) мамандар мен имамдар тиісті нұсқаулықтар беруде.

Қажылар орналасқан қонақүйлерде мүфтият бекіткен тақырыптар негізінде уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл еліміздің 3000 азаматы қажылық парызын өтеді.