+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
14 Маусым, 2021

ӘЛЕМ МҰСЫЛМАНДАРЫ БИЫЛ ДА ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРА АЛМАЙДЫ

ӘЛЕМ МҰСЫЛМАНДАРЫ БИЫЛ ДА ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРА АЛМАЙДЫ

Бұл жөнінде бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі хабарлады.

Бүкіл әлем куә болып отырған қазіргі пандемиялық жағдайдың тұрақсыздығы мен коронавирустық инфекцияның жаңа мутацияларының пайда болуына байланысты САК үкіметі биылғы 2021 жылы да қажылық рәсімдерін шектеу туралы шешім қабылдады. Яғни, биылғы үлкен қажылыққа Сауд Арабиясының азаматтары мен резиденттеріне ғана, барлығы 60 мың адамға қажылық міндетін өтеуге рұқсат берілмек. Демек, шетелдік мұсылмандар биыл да қажылыққа бара алмайды.

Естеріңізде болса, былтыр Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі пандемиядан туындайтын қауіп-қатердің алдын алу және оның таралуына жол бермеу, сондай-ақ жаһандық денсаулық сақтау ұйымдарының талаптарын ескере отырып қажылық рәсіміне бірқатар шектеу қойған болатын.

Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылғы қажылық маусымына ниет еткен отандастарымызды сабыр сақтап, қандай да бір заңсыз жолмен қасиетті Мекке және Мәдина қалаларына бармауға кеңес береді.

Қажылық және ұмра рәсімдеріне қатысты жаңа ақпараттар болған жағдайда қосымша хабарланады.

ҚМДБ Қажылық бөлімі