+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
05 Маусым, 2018

Қажылық және ұмра

  • Қажылық және умра амалдарын орындау барысында тек бір Алланың ғана разылығын көздеп, Оған жақындауды басты назарда ұстаңыз. Атаққұмарлық пен мақтаншақтыққа, жалған атаққа және рияшылдыққа жол бермеңіз.

  • Сапарға шыққанға дейін берешек қарыздарыңызды өтеңіз. Қолыңызда аманат заттар болса иесіне қайтарыңыз немесе сапарға шыққалы тұрғаныңыз жайында ескертіңіз.

  • Өткен күнәларыңызға шынайы өкініп, тәубе етіңіз. Жасаған күнәларыңызды қайта жасамауға шешім қабылдап, Алла тағалаға уәде беріңіз.
  • Өзгелерге зияныңыз тиіп, әділетсіздікке жол беріп қойған болсаңыз, міндетті түрде кешірім сұраңыз. Егер ол әділетсіздік мал-дүниеге байланысты болса, оны иесіне қайтарып, ризашылығы алыңыз.

  • Қажылық және умраға адал жолпен тапмен қаражатыңызды жұмсаңыз. Себебі Алла тағала барлық кемшіліктен Пәк әрі лас нәрседен пәк нәрсені ғана қабыл етеді.
  • Кез-келген жамандық атаулыдан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Өзгеге қолыңызбен де, тіліңізбен де зиян келтіруден сақ болыңыз. Қажыларды балағаттап, өсек айтпаыз. Дауласып, жанжалға жол бермеңіз. Өтірік сөз сөйлемей, тек көркем түрде мәміле жасаңыз.

  • Қажылық және умра амалдарын жасауда қателікке ұрынбас үшін, үкімдерін үйреніңіз.

  • Міндеттелген барлық парыз амалдарға, әсіресе бес уақыт намазды жамағатпен оқуға көңіл бөліңіз. Құран оқып, зікір ету, дұға жасау амалдарын үзбеңіз. Адамдарға жақсы сөз сөйлеп, әрдайым мұқтаждардың жанынан табылуға тырысыңыз. Кедей-кепшіктерге көмек беріп, садақа таратыңыз. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруға ұмтылыңыз.

  • Жолсерік ретінде жаныңызға ізгі, салиқалы, өзіңізді жамандыққа шақырмайтын кісілерді іздеңіз.

  • Сапар барысында көркем мінезді, байсалды, сабырлы, жұмсақ, кішіпейіл, әділ, жомарт, шыншыл және ұялшықтық секілді мінездер бойыңыздан табылсын. Себебі ихрамға кірген қажының әрбір сөзі мен ісін тақуалық басқаруы тиіс.

  • Сапарға шығар алдында отбасыңызға Аллаға бойсұнуды, тақуалықты ту етуге шақырыңыз.

  • Сапар барысында Пайғамбарымыз үйреткен дұғалар мен зікір айтуды ұмытпаңыз.