+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
05 Маусым, 2018

Қажылық

Қажылықтың парыздары
  1. Ихрам
  2. Арафатта тұру
  3. Ифада тауабын жасау
Бұл парыз амалдардың бірін тастап немесе орындамаған жағдай қажылық дұрыс болмайды.
 
Қажылықтың уәжіптері
  1. Муздалифада тұру
  2. Минада шайтанға тас лақтыру
  3. Шаш алдыру немесе қысқарту
  4. Сафа мен Маруаның арасыда сағи жасау
  5. Қоштасу тауабын жасау
Қажылықтың бұл уәжіп амалдарын орындааға адам жаза ретінде Мекке қаласында бір қой шалып, оны кедейлерге таратып беруі тиіс. Ал оның етін өзі жемеуі керек.
 
Қажылықтың сүннеттері
  1. Сәлем тауабы
  2. Арафа шығатын түні Минада түнеу
  3. Муздалифада тұрғаннан кейін сол жерде түнеу және ташриқ күндері (айт күндер) Минада түнеу
  4. Имамның құтпа оқуы
Қажылықтың сүннеттерін бұлжытпай орындаған абзал. Қажылықтың толық орындалуы мен сауабы мол болуына және қабыл болған қажылық дәрежесіне қол жеткізуге себепкер амалдар.
 
Қажылық амалдарының орындалу үлгісі
Қажылықтың 1-күні
Қажылықтың алғашқы күні – тәруия күні деп аталады. Ол зүлхижжа айының 8-күні басталады. Бұл күні таматтуғ қажылығын жасаушы кісі ихрамға қайтадан қажылыққа ниет етіп кіреді. Ихрамға кірместен бұрын толық бойдәрет алып ғұсыл құйынып, әтір себінеді. Өзі орналасқан қонақ үйден ихрам киімін киіп болғанна кейін екі ракағат намаз оқып: «Алләһуммә ләббәйкә хажжән мутаматтиъан» деп ихрам халіне кіреді.Ихрамға кіргенне тәлбия айтып бастайды. Сосын қажылар Мина жазығына келіп орналасқаннан кейін төрт ракағаттық намаздарды қысқартып, екі ракағат етіп оқиды. Әр намазды өз уақтысында оқиды.
Бұл күні Минада түнеу сүннет амалына жатады
Қажылықтың 2-күні
Қажылар зүлхжжаның тоғызы күні таң амазын Минада оқып болғаннан кейін Арафат тауына қарай бет алады. Күн шыққанна кейін қажылар тәлбия айтып, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтып, Құран оқып Арафатқа қарай жүреді. Жолда Аллаға көп мадақ айтып, тәлбия, зікір айту абзал. Түске дейін Арафатқа бару – сүннет. Арафатта түске дейін шатырларда құлшылық жасап, дем алады.
Түстен кейін мүмкіншілікке қарай, дәрет жаңартып, бесін мен екінті намаздарын бір азан және екі қамат айтып, бесін уақытында қысқартып, қосып оқиды. Осы екі намаздан бұрын да, кейін де Арафатта тұрып намаз оқылмайлы. Бұл Пайғамбарымыздан жеткен сүннет. Намаздан кейін барлық қажылар Арафатта жиналып күн батқанға дейін дұға жасап, Алладан кешірім, мейірім тілеп, жалбарыады.Себебі Арафат қажылықтың екінші парызы болғандықтан ең маңызды рүкіні. Пайғамбарымыз: «Қажылық дегеніміз – Арафат»,-деген. Аллаға сансыз мадақтар, Оны Елшісіне салауаттар айтады.
Айша анамыз риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз: «Алла басқа күндері тозақ отынан дәл Арафат күніндегідей көп пенделерін құтқармайды. Алла тағала жақындайды да періштелеріне сендермен мақтанады. Одан кейін Алла тағала: «Оларды қандай қалауы бар?»-деп сұрайды»»,-деген. (Мүслим)
Рахма тауының етегінде тұрып дұға-тілек жасау сүннет. Алайда кәрі кісілер өздерінің орналасқан шатырларында жасағандары абзал. Өйткені шатырлар бір-біріне қатты ұқсас және көп болғандықтан адасып кетулері және күннің ыстығынан ауырып қалулары ықтимал.
Ескерту: Бұл күні қажылар сауапты кемітетін қателіктер мен күнә іс-әрекеттер істеуден абай болу қажет.
 
Арафатта кездесетін қателіктер
  1. Арафат аймағына күн батқанша кірмей, сыртта қалу. Кім кеш батқанша Арафат аймағына кірмесе, оның қажылығы дұрыс саналмайды, келесі жылы қайта жасауы қажет.
  2. Күн батпай Арафаттан кетіп қалу. Бұл Пайғамбарымыздың ісіне қарама-қайшылық болып есептеледі. Сондай-ақ оның қажылығы бұзылады.
  3. Арафаттағы Рахма тауына шығу үшін таласып-тармасып, басқа адамдарға зиян тигізу. Сондай-ақ Арафат тауында арнайылап намаз оқып, тау-тастарын сипалап, олардан тәбәрік іздеу дұрыс емес. Бұл амалдар шариғатта тыйым салынады.
  4. Дұға оқыған кезде Арафат тауына қарап тұру. Дұрысы және сүннетке сайы – дұға оқыған кезде жүзді Құбылаға қарату.
МУЗДАЛИФА
Арафат күні күн ұясына батқанда
Қажылар күн батқаннан ккейін ақшам намазын оқымастан Муздалфа жазығына қарай бет алады. Муздалифаға келе сала қажылар ақшам және құптан намаздарын бір азан, екі қаматпен құптан намазы кіргеннен кейін қысқартып, қосып оқиды. Алайда ақшамның үш ракағат парызынан кейін құптан намазының екі ракағат парызы мен үтір уәжіпті  қосып оқиды.
Қажылар осы түні Муздалифада түнеуі – сүннет. Намаз оқып болғаннан кейі шайтанға лас лақтыру үшін 49 дана тас жинауы абзал. Қария және үзірі бар адамдар Муздалифада түнемей Минаға баруларына болады. Муздалифада ақшам намазы мен құптанды түннің жарымына дейін кешіктіріп оқылуының оқасы жоқ.
Муздалифада кездесетін қателіктер
  1. Ақшам және құптан намаздарын оқымастан бұрын тас жинау.
  2. Шайтаға лақтыратын тасты міндетті түрде Муздалифадан жинау керек деп түсіну.
  3. Тастарды жуу.
Қажылықтың 3-күні
Қажылықтың үшінші күні қажылар Минаға жеткеннен кейін алдымен шайтанға тас ату үшін ақаба жамаратына қарай бет алады. Жол бойы тәлбия айтып, Жамаратқа жеткенде тәлбияны тоқтатады. Сосын ақаба жамаратындағы үш діңгектің Меккеге жақын орналасқан үлкен ақабаға ғана жеті тасты бір-бірден лақтырады. Бұл күні алғашқы екі діңгекке тас лақтырмай, үшіншісіне лақтырады. Әр тасты лақтырғанда «Аллаһу акбар» деп лақтырған абзал.
Ескерту: Тастарды топтастырып лақтырған жағдайда бір рет лақтырған болып есептеледі.
  • Қажылар Ақаба жамаратында тас лақтырып, құрбан шалады. Құрбанды өзі қолымен шалса да болады. Алайда қазіргі кезде Ислам банктері арқылы ақшасы төленіп, чек бергеннен кейін мал шалынады. Яки жолсеріктерге құрбан шалынуы тапсырылады.
  • Ер кісілер шаштарын тықырлап алады немесе қысқартады. Шашты тықырлап алу қысқартқанға қарағанда абзалырақ. Ал әйелдер шаштарының ұшынан бір елідей көлемде қысқартады. Бұл амалдарды орындау – уәжіп болып саналады.
Ескерту: Шашты ихрам күйінде өзі алуына не қысқартуына болмайды. Оны ихрам күйінен шыққан не шаштаразға алдырған абзал.
Тас лақтыру кезінде кездесетін қателіктер
  1. Ислам шариғаты бойынша қажылар тас лақтыруды Ибраһим Пайғамбардан жеткен сүннет амалы ретінде ғана орындайды. Бұл кезде мұсылмандар тасты шайтандарға лақтырмайды. Кей кісілер «шынымен шайтандарға тас лақтырып жатырмыз» деген ниетпен тастарды бас күшімен шайтанға лағынет айтып лақтырып жатады. Бұл өзге адамдарға зиян келтіріп, денесін зақымдауы мүмкін қателік амал.
  2. Тастың көлемі моншақтай болғаны дұрыс. Үлкен тас немесе оның орнына аяқ киім, ағаш және басқа да заттарды лақтыруға болмайды. Бұл шектен шыққандық болып есептелетіндіктен, оған тыйым салынған.
  3. Тас лақтырған кезде басқаларды итермелеп, баса-көктеп алға ұмтылу әрекеттері өте көп кездеседі. Мұсылман адам тасты лақтырғанда өзгелерге зиян келтірмейтін әрекет жасап, байыптылықпен лақтыруы қажет. Тастың міндетті түрде ортадағы діңгекке тиюуі маңызды емес. Маңыздысы – қажылық амалы ретінде арнайы белгілеген мекенде, арнайы мерзім аралығында тастың ешкімге зиян тигізбей лақтырылуы.
Ихрамнан шығу
 
Ақаба жамаратында жеті тас лақтырып, шаш алдырса, қажылық амалдарын жартылай орындаған болып есептеледі. Мұндай жағдай қажы әйелімен жыныстық қатынас жасаудан басқа ихрам күйінде тыйым салынған амалдарды істеуіне рұқсат етіледі.
Бұл күн мейрам болғандықтан қажылар көтеріңкі көңіл күйде болып, Алланың өзіне берген үлкен нығметіне бөленіп шаттанады. Бұл күнде Аллаға мадақ айтып:
الله أَكْبَرُ، الله أَكْبَرُ، لاَ إلَهَ إِلاَّ الله وَاللهُ أَكْبَرُ، الله أَكْبَرُ وَ لِلَّهِ الحَمْدُ
 «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лилләһил-хамд» деген зікір сөздермен бастайды.
Мағынасы: «Алла Ұлы! Алла Ұлы! Алладан басқа құдай жоқ! Алла Ұлы және мақтау Аллаға тән».
Парыз тауабы мен сағи
Қажы Ақаба жамаратында тас лақтырып, шаш алып және һади құрбанын шалғаннан кейін Қағбаны жеті рет тауап жасауға келеді. Бұл қажылықтың парыздарының бірі болғандықтан, онсыз қажылық дұрыс болмайды. Одан кейін Ибраһим мақамының тұсында екі ракағат намаз оқиды. Сосын Сафа мен Маруаның арасында сағи жасап жүреді. Парыз тауабы мен Сағиды кешіктіріп Минада түнейтін екі не үш күннің ішінде орындауға да рұқсат етіледі.
Парыз тауабы мен Сағиды орындағаннан кейін қажы ихрам күйінде тыйым салынған амалдардың бәрін істеуіне рұқсат етіледі.
 
Тәшриқ күндері
Тәшриқ күндері зүл-хижжа айының он бірінің түні кіруімен басталады. Қажы айт күні парыз тауабы мен сағиды орындап болғаннан кейін сол түні екі немесе үш түн түнеп, тас лақтыру үшін Минаға оралады. Бұл күнде Минада түнеу – сүннет. Минада үш күн түнеген абзал. Алайда шұғыл жұмыспен немесе зәру жағдайда екі түн түнеуге рұқсат етіледі. Алла тағала:
وَاذْكُرُوا اللَّهَ فِي أَيَّامٍ مَعْدُودَاتٍ فَمَنْ تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلا إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَنْ تَأَخَّرَ فَلا إِثْمَ عَلَيْهِ لِمَنِ اتَّقَى وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
 «Санаулы күндері Алланы еске алыңдар! Сонда күнәдан сақтанған кісі (Минадағы ғибадатты) асығып екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Бір күн кешіксе де күнә жоқ. Алладан қорқыңдар және күмәнсіз Аллаға қайтарылатындарыңды біліңдер» (Бақара, 203-аят),-деген аят арқылы рұқсат етілген.
Қажы тәшриқ күндері мына амалдарды істеуі міндет:
  • Минада түнеге үш күнде түс ауғаннан кейін үш діңгекке тас лақтыру.
  • Әрбір таспен бірге тәкбір айту.
  • Дұға және зікірді көп айту.
  • Сабырлылық, шыдамдылық және тыныстық сақтау.
  • Ұрыс-керіс, төбелес, жаман сөз айтудан және осындай жағымсыз қылықтарға итермелейтін іс-әрекеттерден аулақ болу.
Тас лақтыру
Зүл-хижжа айының он бірі күні бесін намазаның уақыты кіргеннен күн батқанға дейінгі аралықта үшдіңгектің әрқайсысына жетіден тас лақтыру керек.
Бірінші және екінші діңгекке тас лақтырып болғаннан кейін адамдарға кедергі келтірмей ашық жерге шығып, жүзін Құбылаға қаратып, дұға жасау – сүннет. Ал үшінші діңгек Ақаба жамараты болғандықтан одан кейін дұға жасалмайды.
Минада екі күн түнеуге ниет еткен қажы зүл-хижжаның он екінші күні түс ауғаннан кейін үш тдіңгекке тас лақтырып, үшінші күннің таңы атқанға дейін Минада шығып кетуі тиіс. Егер осы аралықта шығып үлгере алмаса, онда он үші күнге қалып, үшінші күні тас лақтырып толық атқаруы қажет болады.
 
Қоштасу тауабы
Минада атқарылатын амалдарды атқарып болғаннан кейін қажы Меккеге қайтып келіп тынығады. Сосын қажылық амалдарын қоштасумен тауабымен аяқтайды.
Қоштасу тауабы – қажылық уәжіптерінің соңғысы. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.):«Үймен қоштаспайынша ешкім Меккеден шықпасын» деген.
Қажы қоштасу тауабын елге қайтар уақытта яғни Меккеден шығатын уақытта орындағаны абзал. Егер әртүрлі жағдайлармен қайтар уақыттан бұрын орындаудың оқасы жоқ. Әйелдердің етеккір кезінде қоштасу тауабын орындамай шығуына рұқсат етіледі.
Әйелдерге қатысты үкімдер
Қажылықтың парыз болу шарттары мен қатар әйелдерге қатысты махрамның болу шарты бар. Махрам – өзінің күйеуі және шариғат заңы бойынша ол әйелге үйленуге болмайтын ер кісілер. Олар: әкесі, ұлы, ағалары мен інілері, олардың ұрпақтары, әкесінің аға-інілері, анасының басқа күйеуі, күйеуінің басқа әйелден болғаны ұлы және күйеу баласы.
Олай дейтініміз, Ибн Аббас Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Ешбір кісі бөтен әйелмен, ол әйелдің қасында махрамы болмаса жеке қалмасын. Және әйел махрамсыз сапарға шықпасын»,-деп айтты. Сонда бір кісі орнынан тұрып: «Уа, Алланың Елшісі! Менің әйелім қажылық жасауға шыққан еді?»-дейді. Пайғамбар (с.а.у.): «Сен де бар, әйеліңмен бірге қажылық жаса»,-деп айтқан. Ибн Омар Алла Елшісінің (с.а.у.): «Қасына махрам ермеген әйел кісі үш күннен астам уақытқа жолға шықпасын»,-деп айтқанын риуаят еткен.
Әйел адамның қажылыққа және басқа да сапарларға үш күннен артық жанында махрамынсыз шығуға тыйым салған хадистер өте көп. Ал қажылық кезінде әйел адамның жанында көмектесетін жақыны болғаны шарт.
Әйел адамға серік болатын махрамға қатысты шарттар
  • Мұсылман болу.
  • Ақыл-есі бүтін болу.
  • Балиғат жасына толу.
 
Ихрам күйінде әйелге қатысты кейбір үкімдер
  1. Егер орындағалы отырған қажылығы нәпіл қажылық болса, онда ол күйеуінен рұқсат сұрайды. Оған рұқсат беру-бермеу – күйеуінің еркінде.
  2. Әйел кісі кез келген ер адам немесе басқа әйел адамның атынан бәділ қажылық өтеу алады.
  3. Қажылық амалдарын өтеуге шыққан әйел адамға етеккір немесе нифас келіп қалса, тауап пен намаздан басқа барлық амалдарды орындай алады. Бұл жағдайдың ихрам халіне өтуге еш кедергі жоқ. Өйткені ихрам халіне өтеуге әйел адамның етеккір мен нифастан таза болуы шарт емес.
  4. Ихрам киерден бұрын ер кісілер орындайтын амалдарды әйел де орындайды. Мысалы: ғұсыл құйыну, дене түгін қыру, тырнақ алу. Бірақ әйелге иісі аңқыған әтір пайдалануына болмайды.
  5. Ихрамға ниет еткен соң әйел адам қолғап пен бет жапқышын қолданбайды. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ихрам халінде әйел бетін бүркемесін»,-деген. Тек еркектердің қасынан өткенде аздап көлегейлеуіне рұқсат етіледі.
  6. Ихрам кезінде әйел адам ерлер тәрізді арнайы киім емес, қалаған киімін киюіне рұқсат етіледі. Бірақ киген киімі Ислам талап ететін киім үлкісіне сай келуі тиіс. Тар, жұқа, қысқа болмауы және ер кісінің киіміне ұқсамауы керек. Керісінше кең, денесін сипаттап, көрінетіндей болмай, ұзын болғаны абзал. Сондай-ақ әйел адамның ихрам кезіндегі киім түсі белгіленбеген. Сондықтан ол қалаған түстегі киімді киеді және басқаға ауыстыра алады.
  7. Әйелдер тәлбияны іштерінен өздері еститіндей етіп қана айтады. Яғни дауыс көтеріп айтпайды.
  8. Қара тастың тұсында және басқа жерлерде ер кісілермен қоян-қолтық араласуыларына болмайды. Қара тасты сүю – сүннет болғанымен, ер кісілермен араласпау – уәжіп. Уәжіпті орындау – сүннетті орындаудан жоғары тұрады. Бұл жағдайда әйел кісі қара тасқа алыстан қол көтеріп, ишарат етуі жеткілікті.
  9. Тауап немесе сағи жасағанда әйелдер ерлер секілді жасыл жолақ араларында жылдам жүрмейді.
  10. Әйел адам етеккір кезінде Арафатта тұру, сағи жасау, тас лақтыру сияқты амалдарды орындайды. Бірақ тауап жасамайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Етеккірден тазаланғанша тауап жасаудан басқа қажылар жасайтын амалдардың бәрін жаса»,-деген.
  11. Муздалифада әйелдерге түн ортасы ауғаннан кейін Минаға кетулеріне және Минаға келген соң тас лақтыруларына рұқсат етіледі.
  12. Әйел шашын саусақтың ұындай ғана көлемде қысқартады.
  13. Етеккір кезіндегі әйел Ақаба жамаратына тас лақтырып болғаннан кейін ихрам кезінде тыйым салынған амалдардың барлығын істеуіне болады.Тек қана парыз тауабын жасап біткенге дейін ғана ерімен жақындасуына болмайды. Егер жақындасып қойса, Меккеден кетуден бұрын ері екеуі де мал сойып, Мекке кедейлеріне таратуы керек.
  14. Егер әйелдің етеккірі парыз тауабынан кейін келсе, ол қоштасу тауабын жасамайды және оны орындау мойнынан түседі. Айша анамыз: «Қажылық кезінде Сафияның етеккірі келді. Мен жағдайды Пайғамбарымызға жеткіздім. Ол (с.а.у.): «Ол біздің жолымызды бөгей ме екен?»-деді. Мен: «Уа, Алланың Елшісі! Ол парыз тауабын орындады, одан кейін ғана етеккірі келді»,-дедім. Ол (с.а.у.): «Ондай болса, қайта берсін»,-деп айтқанын риуаят еткен.